Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшаққа оқ жаудырғандар анықталды

Әлем
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшаққа оқ жаудырғандар анықталды

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты Ресейде жүргізілген тергеу AZAL ұшағына кімдер оқ жаудырып, қандай зымыран құлатқанын анықтады, - деп хабарлайды Malim.kz.

Caliber.az телеграм-арнасы өздерінің дереккөздеріне сүйене отырып, Ресейде жүргізіліп жатқан «Әзірбайжан Әуе Жолы» ұшағы апаты бойынша қылмыстық тергеуде әуе кемесінің «Панцирь С-1» ПВО жүйесімен атып түсірілгенін растады.

Бұл қондырғы Сириядан Ресейге жеткізілген. Сонымен қатар, Ресей тергеуі Әзірбайжан ұшағына қарсы электрондық күрес құралдары қолданылғанын және бұл ұшақтың басқару жүйесінің істен шығуына әкелгенін растады.

Ресей тергеушілері тек ұшаққа оқ атуға бұйрық берген адамды ғана емес, сондай-ақ осы бұйрықты берген алғашқы тұлғаны да анықтады. Бұдан басқа, біздің редакциямызға бұл адамдардың есімдері мен лауазымдары белгілі, біз бұл ақпаратты оқырмандарымызбен қажетті уақытта бөлісеміз», деп жазылған Caliber.az телеграм арнасында.

Фото: ТЖМ  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу