Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде итті пышақтаған ер адам ұсталды

Қоғам
Ақтөбеде итті пышақтаған ер адам ұсталды

Ақтөбеде ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде қаңғыбас итті пышақпен аяусыз тілгілеген, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еріктілер полиция қансырап жатқан итті бір сағат бойы өздеріне бермегенін айтып отыр.

Бізге Қарлығаш деген қыз хабарласып, Рысқұлов көшесінде иттің қан-жоса болып жатқанын айтты, бірақ ол тірі екен. Біз жеттік, ондағы баспалдақтың бәрі қан! Ол жерде полиция қызметкерлері жүрді, көмек сұраған қыз да болды. Итті кескілеп тастаған алған пәтеріне қамалып алған. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жүріп жатқанда оны бермейтінін айтты. Ит көп қан жоғалтты емес пе, оған шұғыл көмек қажет еді, - деді ерікті Людмила.

Полицейлердің айтуынша, итке қажетті көмек көрсетілген.

"Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Фото: видео скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу