Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Армения-Әзербайжан шекарасында тағы қақтығыс болды

Саясат
Армения-Әзербайжан шекарасында тағы қақтығыс болды

Армения Қорғаныс министрлігі Ереваннан 70 шақырым жерде Әзербайжанмен шекарада болған атыс кезінде армян сарбазы қаза тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі атыс сәрсенбіде (астана уақыты бойынша 12.30-да) Арарат облысының Ерас ауылы маңындағы шекара учаскесінде болғанын хабарлады.

Ведомство өкілдері Ереван қатаң реакция туралы ескертіп Әзербайжан тарапының кезекті арандатуын қатаң айыптайтынын айтқан.

Ал Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қызметкер жарақат алғанын мәлімдеді.

"14 шілдеде шамамен сағат 10.00-де (астана уақыты бойынша 12.00-де) армян қарулы күштерінің әртүрлі калибрлі қарудан жасалған бөлімшелері армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасындағы Нахичеван Автономиялық Республикасының Садарак ауданы бағытындағы Әзербайжан армиясының позициясына оқ жаудырды. Салдарынан Әзербайжан армиясының әскери қызметкері Марданлы Ибадулла Махсуд оглу жарақат алды. Әскериге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ол медициналық мекемеге жіберілді", - деді Әзербайжан әскери бөлімінің өкілдері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу