Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана – Баян-Өлгей бағытындағы автобус өртеніп кетті

Қоғам
Астана – Баян-Өлгей бағытындағы автобус өртеніп кетті

Астанадан Баян-Өлгей бағытында қатынайтын автобус Ресей аумағында өртеніп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей ТЖМ Алтай Республикасы бойынша бас басқармасының мәліметінше, оқиға сенбі күні таңертең Алтай Республикасы Оңғұдай ауданы аумағындағы тасжолда болған.

Астана – Баян-Өлгей (Моңғолия Республикасы) бағытында қатынайтын автобустың «Чуй тракті» Р-256 тасжолының 720 шақырымында өртенгені туралы хабарлама түскен.

Автобус салонында болған 50 адамның 15-і бала – барлығы өз бетінше эвакуацияланған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 06:14-те оқиға орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері – 5 адам 1 техникамен шыққан. Ал сағат 07:15-те өрт жойылған.

Ресейлік ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілген.

Фото: Алтай Республикасы ТЖМ, Ресей

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу