freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана маңында көлік суға кетіп, екі бала қаза тапты

Қоғам
Астана маңында көлік суға кетіп, екі бала қаза тапты
Фото: видеодан скрин

11 шілде күні Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су қоймасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Отбасылық демалыс кезінде 8 және 12 жастағы екі әпкелі-сіңлілі көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, шомылып болған қыздар киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған жеңіл көлікке отырған. Белгісіз себептермен көлік өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға түсіп кеткен.

Балалардың әкесі қыздарын құтқаруға әрекет жасағанымен, көліктің есігін аша алмай, терезесін де сындыра алмаған.

Оқиға орнына келген ТЖД құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, көлікті судан шығарды. Көлік салонынан екі баланың мәйіті табылды.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу