freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада студент өліміне қатысты сот басталды

Қоғам
Астанада студент өліміне қатысты сот басталды
Ашық дереккөзден

Елордада түнгі клуб маңында аяусыз өлтірілген Әди Шөкеевтің өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай желтоқсан айында Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған. Жәбірленушінің анасы Толқын Шөкееваның айтуынша, Әдиді екі жақтан соққыға жығып, кейін жерде жатқанда тепкілеген. Жас жігіттің миына қан құйылып, жүрегі тоқтап қалған. Ол кезде жәбірленушінің 18 жасқа толғанына небәрі 3 күн болған еді.

Қазіргі таңда екі күдікті ұсталған. Оның біреуі құқық қорғау органының қызметкері болған.

«Бұл жай ғана төбелес емес, бұл - аяусыз кісі өлтіру. Олар заң алдында ең қатаң жазаны алуы тиіс», — дейді марқұмның анасы.

Сот процесі бірнеше рет кейінге шегерілген. Себебі айыпталушылар өз бет-әлпеттерін БАҚ беттерінде жариялауға тыйым салуды талап еткен. Бұл жағдай кезекті отырыста да қайталанды. Қорғаушы Дамир Ишмаметовтың айтуынша, тергеу нұсқасы бойынша екі күдікті де сол түні мас болған. Оқиғаның басталған сәті куәгерлердің видеосына түсіп қалған, алайда туыстары іс материалдарында басқа бейнежазбалардың жоқтығына алаңдаулы.

Марқұм Әди Шөкеевтің отбасы әділдік іздеп Аягөз қаласынан әр сот отырысына келеді. Олар әр жолы елордаға жету үшін 1200 шақырым жол жүреді. 

Қазіргі уақытта сот тергеуі жалғасуда. Егер күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, олар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу