Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Оқиға
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. 

"Гимнаст қыз бес метр биіктен құлап, жарақат алды. Оқиға орнынан оны жедел жәрдем алып кетті. Дәрігерлер бас жарақаты мен ми шайқалуы диагнозын қойды.  Жалпы жағдайы – орташа ауыр, тұрақты", – деп хабарлады басқарма өкілдері. 

Басқарма қазір зардап шеккен гимнаст қыздың көпжарақат алу бөлімінде жатқанын нақтылады. Көпжарақат алу (политравма) – бұл әрқайсысы арнайы емдеуді қажет ететін бірнеше жарақат жиынтығы.

Бұған ұқсас оқиға 2017 жылы елордалық циркте болған. Ол кезде акробат қыз үш метр биіктен құлап, өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттар алғаны хабарланған.

Фото: Көрнекі сурет Pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу