freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астананың екінші әуежайы қай жерде салынуы мүмкін

Қоғам
Астананың екінші әуежайы қай жерде салынуы мүмкін
ЖИ көмегімен жасалды

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Астанада екінші әуежай салуға арналған ықтимал орындар туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта екі негізгі локация қарастырылып жатыр. Оның ішінде Балқарағай бағыты басым бағыт ретінде белгіленген.

«Қазіргі уақытта екі негізгі орын қарастырылып жатыр. Басымдық Балқарағай бағытына берілген. Нақты шешім техникалық-экономикалық негіздемеден кейін белгілі болады. Бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ,»,- деді министр.

Сонымен қатар, Нұрлан Сауранбаев жаңа әуежай құрылысына қажетті инвестициялар мен серіктестер мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, мұндай ауқымды инфрақұрылымдық жобаға ірі қаржы және технологиялық мүмкіндігі бар серіктес қажет.

«Жаңа әуежайлар өте ауқымды болып салынғандықтан, оған үлкен инвестиция қажет. Қазір серіктес таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Үлкен әуежайлар сала алатын технологиялық серіктес те, инвестициялық серіктес те керек», - деді ол.

Министрдің айтуынша, жобаға толықтай Астана әкімдігі жауапты. Қазір әкімдік бірқатар компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр, алайда олардың атауы әзірге жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Астана маңындағы бірнеше бағыт – Қосшы ауданы, Қарағанды және Павлодар тасжолдары маңы жаңа әуежай салуға ықтимал орын ретінде аталған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Астана маңындағы бірнеше бағыт – Қосшы ауданы, Қарағанды және Павлодар тасжолдары маңы жаңа әуежай салуға ықтимал орын ретінде аталған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу