Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Атырау әкімінің орынбасары су жаңа көлік таңдап жүр»: Видео жариялаған блогер кешірім сұрады

Қоғам
«Атырау әкімінің орынбасары су жаңа көлік таңдап жүр»: Видео жариялаған блогер кешірім сұрады

«Су тасқыны кезінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары өзіне автокөлік таңдап жүр». Әлеуметтік желілерде осындай видео жариялаған жергілікті блогер кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видео авторы Рүстем Баязиов бейнежазбадағы азамат ешқандай әкімнің орынбасары емес екенін, автосалонға қызмет барысымен барғанын түсініп, көпшілік алдында кешірім сұрады.

Блогердің айтуынша, видеодағы адам қала әкімінің орынбасары емес. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жұмыс істейді. Ол шынымен де көлікке жабдықтар алуы үшін «Тойота орталығына» барған. Бұл оның қызметтік құзыретіне кіреді. 

Еске салсақ, Атырау қаласында төтенше жағдай жарияланып, ел дүрлігіп жатқанда қала әкімінің орынбасары қызметтік көлігімен «Тойота орталығына» барып, су жаңа көлік таңдап жүргенін жазған болатынбыз.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу