freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда итке қатыгездік көрсеткен әйелге сот үкімі шықты

Қоғам
Атырауда итке қатыгездік көрсеткен әйелге сот үкімі шықты
Фото: Getty images

Атырау қаласының №2 соты жануарға қатыгездік танытып, оны жарақаттауға әкеп соққан қылмыстық іс бойынша жергілікті тұрғын Л.Т.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот дерегіне сәйкес, әйел орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болып, өз үйінің ауласында Герда атты итке күрекпен бірнеше рет әдейі соққы жасаған.

Соққылар жануардың басы мен тұмсық тұсына тиген.

Нәтижесінде иттің денесінде бірнеше жарақат анықталды:

  • кең көлемді гематомалар;
  • жұмсақ тіндердің ісінуі;
  • дененің әртүрлі бөліктерінде айқын ауырсыну.

Ветеринар мамандар жануардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Сот процесі барысында Л.Т. кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-бөлігі айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасын қарастырады.

Сот әйелді кінәлі деп танып, оның материалдық жағдайын және кәмелетке толмаған баласының барын ескере отырып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу