Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарына үш жерлесіміз қатысады

Спорт
Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарына үш жерлесіміз қатысады

Теннистен Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарына Қазақстаннан үш теннисші қатысады.


Жылдың бастапқы «Үлкен дулыға» турниріне жолдама алу үшін Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов және Дмитрий Попко сынға түседі. 

Әлемнің 113-ракеткасы М.Кукушкин іріктеу сайыстарының ширек финалында рейтингіде 229-орында тұрған эстониялық Марк Лаялмен шеберлік байқасады. 

Әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов рейтингіде 447-сатыдағы хорватиялық Борна Гойодан өтуге тырысады.

Рейтингіде 181-орындағы Дмитрий Попконың бірінші қарсыласы – әлемнің 170-ракеткасы, Гонконг өкілі Коулман Вон. 

Іріктеу бәсекесі 6 қаңтар күні басталып, 9-ында мәресіне жетеді.

Қазақстаннан алғашқы болып кортқа М.Кукушкин шығады.

Фото: mice.net.au

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу