Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысындағы автобус апаты: Жүргізуші қамауға алынды

Қоғам
Алматы облысындағы автобус апаты: Жүргізуші қамауға алынды

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Аленовтің сөзінше, 25 жолаушы медицина қызметкерлерімен тексеріліп, жетеуіне ауруханаға жатқызусыз көмек көрсетілді.

Жүргізуші куәлігінен айырылып, көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге, автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаға бергені үшін Алматы қаласынан Көлсай көліне жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын "Көлсай көлдері" туристік фирма иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады, - деді ол.

27 мамырда Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жаланаш-Көлсай автожолының 5 шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. 

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу