freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды

Оқиға •
Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды

Абай облысындағы Аягөз гарнизонында әскери бөлімнің офицері өзіне қол салды.

Гарнизон баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметкердің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған.

- 19 қыркүйекте Аягөз гарнизоны әскери бөлімінің офицері  жұмысынан тыс уақытта өз пәтерінен өлі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, офицер асылып қалған, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Офицердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: stan.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу