Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әзірбайжан министрі ұшақ апатында көмектескен қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Саясат
Әзірбайжан министрі ұшақ апатында көмектескен қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Әзірбайжанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрі Кямаладдин Гейдаров қазақстандық құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әзірбайжанның төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаладдин Гейдаров 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау халықаралық әуежайының маңында «Әзірбайджан әуе жолдары» ұшағының Баку-Грозный рейсін орындап жатқан кезде апатқа ұшыраған ұшаққа жүргізілген құтқару операциясына қатысқан Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерін марапаттады.

Бұл туралы Әзірбайжан министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің төменде аталған қызметкерлеріне «Ынтымақтастық үшін» медалін тапсырған:

- Сейталин Азамат Серікұлы;

- Аминов Тимур Владимирович;

- Айдаров Қани Манапұлы;

- Қараев Саясат Мұсаұлы;

- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы;

- Құлханов Әзімбек Шындәулетұлы;

- Күзембаев Ербол Ахметұлы;

- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;

- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;

- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Айта кетейік, мұның алдында Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің он құтқарушысына Ақтау қаласында болған ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табыс етілгенін жазған едік

Фото: ТЖМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу