freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әзілкеш Нұрлан Сабыровқа тағы бір ел шектеу қойды

Шоу-бизнес
Әзілкеш Нұрлан Сабыровқа тағы бір ел шектеу қойды
скриншот

Молдова билігі бірқатар әртістердің ел аумағында өнер көрсетуіне шектеу қоюы мүмкін екенін мәлімдеді. Тізімде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров та бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Елдің Мәдениет министрлігі концерт ұйымдастырушыларына Сабуровпен бірге ресейлік әртістер Олег Винник пен Диана Арбенинамен ынтымақтастықты тоқтатуды ұсынған. Ведомство олардың қатысуымен өтетін іс-шараларды қазіргі жағдайда «орынсыз» деп бағалаған.

Ресми мәлімдемеде ұйымдастырушыларға келісімшарттарды қайта қарау немесе бұзу ұсынылып, аталған әртістердің елге кіре алмауы салдарынан концерттердің өтпей қалу қаупі бар екені ескертілген.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабыровқа қатысты басқа елдерде де шектеулер туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ оның әрекеттеріне байланысты Қазақстанда да тиісті органдар тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу