Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Байлардың проблемасын шешіп жүрміз": Алмат Сақатов ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Қоғам
"Байлардың проблемасын шешіп жүрміз": Алмат Сақатов ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Танымал актер Алмат Сақатов "Qazaq Airan" жобасына берген сұхбатында қоғамдағы қайшылықты үрдістерді сынға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Актердің пікірінше, бүгінде нақты әрі өзекті мәселелер көлеңкеде қалып, уақытша дау-дамай мен атышулы оқиғалар алдыңғы қатарға шығып кетеді. Оның айтуынша, қоғам бір тақырыптан екіншісіне тез ауысып, маңызды проблемаларды ұмытып барады.

"Қазір сөйлегің келеді. Бірақ бір уақытта түсініксіз жағдайлар топ ете қалады. Бір кезде Мұқасанды шығарып алып, "масқара", "сұмдық" деп соны талқылайды. Сосын Төреғали шу шығарады да, бәрін ұмыттырады. Енді Төреғалиді мыжи бастаймыз. Халық енді шулап жатқан кезде Жұбаныш аэропортта қораға кіріп кетеді. "Жұбаныш қандай адам еді?" деп жатқанымызда, Тұрсынбек топ еткізеді. Сөйтіп, біз керемет, мықты, көңілді заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз өз үйіміздегі кемшілігімізді ұмытамыз. Біз салығымызды, ақшамызды, зейнетақының аз екенін, көпбалалы аналардың жағдайын ұмытамыз да, бай-дәулетті адамдардың проблемасын шешеміз. Сондай заманда өмір сүреміз", – деді Алмат Сақатов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу