Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов тарихи құжаттың бәрін цифрландыруды тапсырды

Саясат
Бектенов тарихи құжаттың бәрін цифрландыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов тарихи құжаттарды сақтау мақсатында «е-Архив» деректерін «Батырларға тағзым» онлайн-платформасымен үйлестіруді тапсырды, - деп хабарлайды Malim.kz. 
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «е-Архив» ақпараттық жүйесін одан әрі дамытудың және «Батырларға тағзым» онлайн-платформасымен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

« “е-Архив” ақпараттық жүйесін одан әрі дамытуға баса назар аударған жөн. Ол құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, архив жұмысының тиімділігін арттырады. “е-Архив” деректерін “Батырларға тағзым” онлайн-платформасымен үйлестіру жұмыстарын аяқтау қажет. Қолымызда бар тарихи құжаттардың бәрін ұлттық цифрлық архив базасында сақтап, қолжетімді етуіміз керек»,  — деп атап өтті премьер-министр. 

Фото: entera.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу