Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады

Саясат
Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.

Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды. Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу