1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында тағы өзгеріс болады

Сабина Асқарқызы

  • 24.04.2025

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров биыл 1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс балалардың денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында қолға алынып отыр.

Мемлекет басшысы мектептерде тегін берілетін тағам сапасын арттыруды тапсырды. Біз оқушыларды сапасыз, арзан өнімдермен тамақтандыра алмаймыз. Балалардың тамақтануы халықаралық стандарттарға сай болуы керек – бұл жас ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді, – деді Ақмарал Әлназарова.

Жаңа стандарт неге қажет болды?

Соңғы жылдары елімізде балалар арасында мынадай денсаулық мәселелері жиілеп кеткен:

• семіздік,

• ІІ типті қант диабеті,

• жүрек-қан тамырлары аурулары,

• тісжегі,

• аллергия.

Мұның негізгі себептерінің бірі – теңгерімсіз және зиянды тамақтану.

Жаңа стандарт не береді?

Сарапшылардың болжамынша, мектептерде жаңа стандартты қатаң сақтау арқылы:

• семіздік деңгейі 10-15%-ға,

• ІІ типті қант диабеті 10-20%-ға,

• артериялық гипертензия 8-18%-ға,

• басқа да созылмалы аурулар 5-15%-ға төмендейді.

Сонымен қатар, балалардың зейіні мен оқу үлгерімі де жақсарады.

Бақылау күшейеді

Министрлік Оқу-ағарту министрлігімен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, жаңа стандартты ғылыми деректер мен ұсынымдар негізінде әзірлеген. Сонымен қатар, мектеп асханаларындағы санитариялық талаптардың орындалуына бақылау күшейеді:

• Тексерістер алдын ала ескертусіз жүргізіледі;

• Асханаларда тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

Бұл қадам – балаларымыздың денсаулығы үшін. Барлық білім беру ұйымдарын жаңа талаптарды адал әрі жауапкершілікпен орындауға шақырамыз, – деді министр.

Фото: ашық дереккөз

Байланысты жаналықтар

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025
MalimBlocks
Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды