«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді

Malim Админ

  • 04.03.2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжат қабылдау 3 наурыздан басталатынын хабарлады. 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып 17 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжат egov.kz порталы арқылы қабылданады. Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

2025 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша – 411 стипендия, докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия.

Басым мамандықтар тізбесі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның кадрларға экономиканың қажеттілігі болжамын ескере отырып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде қалыптастырылды. 

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде стипендия тағайындау үшін мынадай квота санаттары көзделген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медицина қызметкерлері, ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер. «Болашақ» халықаралық стипендиясының квота санатындағы стипендиаттарының стипендия есебінен тілдік даярлықтан өтуге, сондай-ақ оны тағайындағаннан кейін шетелдік ЖОО-ға түсуге мүмкіндігі бар.

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия 2025 жылға «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін қызметкерлердің мынадай санаттарын бекітті:

инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері, жасанды интеллект бойынша мамандар;
мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері;
медицина қызметкерлері;
мемлекеттік қызметшілер;
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
судья және сот қызметкерлері.
Ал «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып 31 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70 мекенжайында орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінің 5-қабатында 508-кабинетте жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

Басқа қаладан келген үміткерлерге құжатты сенімхат арқылы тапсыру мүмкіндігі беріледі.

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында бекітілді. Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша 2025 жылға 250 стипендия бөлінді.

Фото: ult.kz  


 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда алғаш рет мектепте жаңа лауазым пайда болды

31.03.2025

Ерекше білім берілетін балаларды арнайы қолдау жобасы әзірленді

25.03.2025

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

12.03.2025

Маңғыстаулық 7 мұғалім жалған құжатпен ұсталды

06.03.2025

Жұмыстан шығарылған алматылық мұғалімді депутаттар қолдады

27.02.2025

Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

27.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанда алғаш рет мектепте жаңа лауазым пайда болды

Ерекше білім берілетін балаларды арнайы қолдау жобасы әзірленді

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны 230 мыңнан асты

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күн қалды

Маңғыстаулық 7 мұғалім жалған құжатпен ұсталды

Жұмыстан шығарылған алматылық мұғалімді депутаттар қолдады

Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді