457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ғылыми ізденіс өсім көрсетіп жатыр

IMAGE: ©Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстандық ғылым даму үстінде және әртараптанып жатыр. Жақында жарық көрген мәліметтерден осындай қорытынды шығаруға болады.

Ең алдымен, Қазақстан ғылымы жас кадрлармен толығып, нығайғаны назар аудартады. Қазір елімізде 27 мыңнан аса ғалым болса, соның 47 пайызын жастар санатындағы азаматтар құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш: әлем бойынша проблема болып отырған – ғылыми мектептер арасындағы сабақтастықтың үзілмеуіне кепілдік береді.

Қазақстанның КСРО уақытынан бері өзінің ғылыми профилі болған. Мысалы, Армения мен Белоруссия КСР-і - электроника, Украина мен Ресей - авиация болса, Қазақстан түсті металлургия, ауыл шаруашылық, медициналық зерттеулер бойынша озық болған. Осы бағыттардың қазірге дейін сақталып отырғаны байқалады. Биылдың бірінші жарты жылдығында елімізде – биотехнология, геология салалары бойынша зерттеулер қаржы көлемі бойынша алғашқы орындарда.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы 4 айында ғылыми зерттеулер санатындағы қызметтің көлемі 22.2 млрд теңгені құраған. Оның 86.6 пайызы - жаратылыстану және инжернерлік зерттеулер екен. Аталған бағыттарға қоса, мұнай химиясы саласындағы зерттеулер саны артып келеді. Көмірсутекке бай еліміздің бұл бағытқа басымдық беруі түсінікті де.

Дегенмен, биыл “ғылым – бизнес ретінде” концепциясына да басымдық беріліп отыр. Енді ғылыми зерттеуге мемлекет емес, оның жемісін пайдаланатын кәсіпкерлер мүдделі болуы керек. Бұған қоса, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыcтарды орталыққа байламай, өңірлерге біркелкі тарату жұмыстары да қолға алынды. Бұл ғылыми зерттеу тақырыптарының өңірдің ерекшелігіне, экономикалық профиліне орай нақты мәселе шешуіге бағытталуына мүмкіндік береді. Ол үшін былтыр Ғылым академиясы “өңірдің мықты ғылымы – өңірдің қуаты” атты бастама көтеріп, бірнеше өңірге көшпелі президиум ұйымдастырған болатын. Биыл аймақтар өз бетінше зерттеулер бойынша статистикада бой көрсете бастады.