Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін

Алтынсарин академиясының мамандары осындай шешімге келді

Malim Админ

  • 06.02.2025

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов 2026 жылы қолданысқа енетін жаңартылған білім стандарты қай пәндерді біріктіріп оқытуға мүмкіндік беретінін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Бүкіл пән орнында қалады. Сондықтан химия, физика, биология немесе математика пәндері жойылады деген қорқыныш болмау керек.
Бір жағынан кейбір пәндерді біріктіріп оқытқысы келетін мектептер бар. Жаңа стандарт ондай бастамаларға рұқсат береді. Яғни, әр мектептің ішкі шешіміне байланысты. Бір мектеп физика, биология, химия сияқты пәндерді дәстүрлі қалпында қалдырғысы келсе, жаңа стандарт ол жағын да қарастырған. Соған сай оқу бағдарламасын береді. Ал басқа бір мектеп кейбір пәндерді біріктіріп оқытқысы келсе, жаңа стандартта біріктіруге болатын пәндердің тізбесі бекітілген. Біріктірілген пәндер қалай аталатыны да стандартта көрсетілген, - деді ол Оқу-ағарту министрлігінің алқа мәжілісінде.

Академия өкілі пәндерді біріктіру міндетті шара болмайтынын, әр мектептің өз таңдауына байланысты екенін баса айтты. Мысалы, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздері әлеуметтік ғылымдар ретінде, алгебра мен геометрия математика пәні ретінде біріктірілуі мүмкін.

Пәндердің мазмұнына келсек, жаңа стандарт оны соншалық өзгерткен жоқ. Негізгі бөлімдердің бәрі сол күйінде қалды. Жалғыз ескеретін дүние, кейбір тапсырмалар жасанды интеллект мүмкіндіктеріне қарай өзгертіледі. Білім берудің мемлекеттік стандарты өзгерсе, оқулықтарда да өзгерістер пайда болатыны заңдылық, - деді Руслан Қаратабанов.

Фото:  syr-media.kz  

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

09.04.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді