457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көгерген экран енді қара болады

Photo: ©windows.com

 

Microsoft компаниясы Windows жүйесі тоқырап қалған кезде шығатын әйгілі - "өлімнің көк экранын" (BSoD - Blue Screen of Death) енді қара түсті қылмақ. Бұл туралы malim.kz тілшісі meduza.io басылымына сілтеп хабарлайды.

 

Сонымен бірге, экраннан ұнжырғасы түскен смайл мен техникалық қолдау сайтына апаратын QR-кодты алып тастайды.

Ескі экраннан тек қатенің коды мен тоқырауға ұрындырған драйвер туралы мәлімет қалады. Жаңа дизайн жаздың аяғында Windows 11 жаңарған кезде орнатылатын болады.

 

BSoDPhoto: ©dell.com

 

"Өлім экраны" Windows жүйесінде 1993 жылдан бері бар. 20 жыл бойы еш өзгеріссіз тұрып, 2012 жылы Windows 8 жүйесінде әуелі көңілсіз смайл қосылды, 4 жылдан кейін QR-код қосылған болатын.