Қазақстан жол құрылысы саласында PhD докторларын дайындайды
Жол саласына 1,5 мыңға жуық диплом алған маман жетіспейді
Биыл елімізде автожол саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін «Көлік құрылысы» бағыты бойынша болашақ PhD докторларын оқытуға 10 грант бөлінді. Бұл Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша,
бұрын жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның жол саласына 1,5 мыңға жуық диплом алған маман жетіспейді. 2023 жылы Көлік құрылысында алғашқы екі PhD пайда болды.
Жуықта «Көлік құрылысы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурстың қорытындылары жарияланды.
Жол саласының болашақ ғалымдары алғаш рет мемлекеттік білім беру гранттары есебінен дайындалмақ. Байқаудың қорытындысына сәйкес, осы бағыт бойынша 10 адам докторантураға түскен.
Коллаж: Egemen Qazaqstan/А.Қияс