Қазығұртта оқушылар мектептің дәлізінде оқып жатыр

Мәселенің шешілмей келе жатқанына 6 жыл болған

Мадина Қайнарова

  • 20.09.2024

Қазығұрт ауданындағы мектепке оқушылар сыймай, дәлізде оқып жүр. Мұнда балалар 4 ауысымда білім алады. Бұл туралы Отырар телеарнасы хабарлады.


Мектеп 600 орынға арналған, бірақ қазір мұнда мыңнан астам бала білім алып жатыр. Ал басқа мектеп жоқ. Мәселе 6 жылдан бері шешілмей келе жатқан көрінеді.

Мектептің негізгі бөлігі өткен ғасырда бой көтерген. Ол 2018 жылы жарамсыз деп танылып, оқушылар 1982 жылы салынған ғимаратқа көшіріліпті. Мұнда сынып жетпегендікпен ұстаздар дәлізді қоршап, қолдан кабинет жасақтаған. Кейбір бастауыш сынып оқушылары акт залында оқуға мәжбүр. Қазір барлығы 6-сынып дәліздегі кабинеттерде оқып жатыр екен. 

Мектеп басшылығы 6 жыл бойы білім бөліміне жаңа ғимараттың қажеттілігін айтып хат жазып жүр. Бірақ мәселе кейінге қалдырыла берген. 

- Білім бөліміне хат жаздық. Жылда хат жазып, оны жаңартып отырамыз. Бұзуға жіберілген ғимаратымызды да біледі. Бәрінен хабардар. Хат бойынша жылда «істеп береміз, қаралып жатыр» деген хабар келеді, — дейді Шарбұлақ жалпы білім беретін мектебінің директоры Жанар Жансейітова.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, бірнеше жылдан бері тек сметалық құжаты жасалған ғимаратқа қаражат енді ғана аударыла бастапты.

- 2021 жылы жобалау сметалық құжаты шықты. 1 млрд 600 млн теңге болды. Облыстық құрылыс басқармасы қазіргі бағамен корректировка жасады. 2023-те шешімі шықты. Жаңа мектептің құны 1 млрд  965 млн теңге, ал биылға бөлінген лимит - 10 млн теңге, — дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Әмірхан Мамытбеков.

Сонымен, ауылда 300 орындық мектеп салынбақ, алғашқы қаражаты да бөлінген, бірақ құрылыс жұмыстары әлі қолға алынбаған. Жаңа мектеп келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Фото: видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

23.10.2024

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

17.10.2024

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

15.10.2024

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

14.10.2024

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

07.10.2024
MalimBlocks
Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

Олар «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аясында білім алады

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан