Шымкентте заңсыз шығарылған активтер есебінен 300 орындық жатақхана салынады

Жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Malim Админ

  • 04.12.2024

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.


Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ғимарат 300 орынға есептелген. Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған.

Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады. Бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған.

67 оқушы үйде оқуға мәжбүр. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды.

Бұған дейін Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Атырау облысының Жамансор ауылында мектеп салу, Риддер қаласында көпбейінді аурухана кешенінің құрылысын аяқтау секілді жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Жұмыс жалғасып жатыр.

Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан осы мақсаттарға 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Осының арқасында жатақханада орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Қазіргі жатақхана тек 120 адамға арналған, оқушылар саны – 363, ал 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.

«Бұл жердегі ең қиын мәселе – жатақхана. 120 балаға арналған ғимаратта 360 бала оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар оқып, тұрып жатыр. Мәселені шешу үшін 300 орынға есептелген жатақхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Ғимарат қосымша үй-жайлармен жабдықталады», — деп атап өтті Шымкент қаласы Білім басқармасының маманы Ерлан Пірімқұлов.

Заманауи жатақхана салу ерекше балаларға арналған мекеменің басты мәселесін шешеді.

«Менің ерекше балам үшінші сыныпта оқып жатыр. Егер мұнда заманауи жатақхана салынса, барлық ата-ана алғысын білдірер еді. Мемлекет тарапынан бүгінгі таңда бұл білім беру мекемесіне қолдау көрсетіледі, қажетті жабдықтар, жақсы оқу-әдістемелік база бар. Мұндағы мәселе тек жатақханадағы орындардың жетіспеушілігінде. Осы қажеттілік жақын арада шешіледі деп үміттенеміз», - дейді Шымкент қаласы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» тәрбиеленушісінің анасы Дилнора Хаджиметова.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті