Талапкерлерден грантқа құжат қабылдау басталды

Биылғы оқу жылына 79 грант бөлінген

Мәди Саматұлы

  • 13.07.2024

Бүгін мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Ол 13-24 шілде аралығында жүреді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады. 

Жалпы, 2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы азаматтарды оқытуға 3903 грант қарастырылған.

Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 2000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан – 300. Грант педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша үлестірілген. 

Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі.

Фото: timeskz.kz

Байланысты жаналықтар

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

03.05.2025

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

03.05.2025

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

23.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

04.04.2025

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

02.04.2025
MalimBlocks
Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Шымкентте Үндістаннан келген студент өлі табылды

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген