Техникалық-кәсіптік білім беруге 22 млрд бөлінеді

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артады

Malim Админ

  • 28.01.2025

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс көлемі артады және биыл бюджеттен қосымша 22 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Жұмысшы мамандықтар жылы маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылады, еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс, — деді Қ. Тоқаев.

Бизнестің бұл салаға көбірек келуі үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артады.

Оның мөлшері де біркелкі болады. Бұған биыл бюджеттен қосымша 22 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ретте әкімдерге зор жауапкершілік жүктеледі. Олар кәсіпкерлермен бірлесіп, аймаққа қажетті мамандықтар тізімін анықтауы керек. Сондай-ақ сұранысқа ие кадрлар даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар беруі қажет, — деп толықтырды Президент.

Сондай-ақ, ғылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау маңызды. Білім беру тапсырысын оқу орындарының рейтингіне қарай бөлу жұмысы Үкіметтің бақылауында болуға тиіс.

Соңғы жылдары мемлекет ғылымға бөлінетін қаражат көлемін едәуір арттырды. Әлі де арттыра береді. Бірақ бұл қаржы нақты мақсатқа сай жұмсалуы қажет. Бюджет қаржысын сапалы әрі сұранысқа ие зерттеулер жүргізетін университеттер, институттар мен ғалымдар ғана алуы керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ehonews.kz


 

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

09.04.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді