Түркістан облысының түлегі ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған

Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған.

Malim Админ

  • 04.06.2024

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинаған. Бұл - әзірге еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.

Түркістан облысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і - «Алтын белгіге», 2 466 оқушы - «Үздік аттестатқа» үміткер.

Айта кетері, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Коллаж: ulysmedia.kz

Байланысты жаналықтар

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Түлектерге мансап жолын таңдауға көмектесу үшін жаңа платформа іске қосылады

20.05.2025

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

20.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025
MalimBlocks
Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Түлектерге мансап жолын таңдауға көмектесу үшін жаңа платформа іске қосылады

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.