457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жас ғалымдарды жан-жақты қолдауда мемлекеттің айқын жоспары бар

IMAGE: ©Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мемлекеттегі ғылымның іргетасы жас ғалымдардың белсенділігіне байланысты. Себебі, ғылыми жетістік бар да, оның сәтті эстафетасы бар. Бұл әсіресе ғылыми стандарттары ұзақмерзімді зерттеулерге қатысты. Айталық, фармацевтика саласындағы зерттеулер 20 жылға дейін созылуы мүмкін.

Бұл орайда мемлекет жас ғалымдарды нақты қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып отыр. Бұған қоса, жас ғалымдар бір реттік немесе мақсатты гранттар арқылы ғана емес, әлеуметтік жағынан да қолдау көруде.

Мысалы, ғылыми мекемелердің қызметкерлерінің негізгі лауазымдық қызметақысы 18 пайызға өсірілді. Сонымен бірге, ғылыми атағы бар қызметкерлер үшін қосымша төлемдер АЕК-тің 50 есе көрсеткішіне дейін арттырылды.

Көптеген жас мамандардың басты әлеуметтік мәселесі – баспана екені белгілі. Бұрын, жас мамандардың тұрғын үй мәселесін шешудің тікелей механимздері болмаған. Енді, еліміз ғылымға бетбұрыс жасаған кезеңде бұл мүмкін болып отыр. Тек былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жас ғалымдарға 315 пәтер берілді. Олардың 25-і пәтерді тегін алса, қалғандары түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы қол жеткізді. Ал биыл 36 ғалым пәтерге ие болып отыр.

Жас ғалымдардың әлемдегі ғылыми зерттеу процестеріне ортақтасып, ғылымдағы соңғы жетістіктермен етене таныс болып, озық үлгідегі техника мен технологияларға қол жеткізуі маңызды. Қазір дамыған болып есептелетін көп мемлекеттің ұлттық ғылыми өзегі осылай қалыптасқан. Бұл орайда қазақстандық жас ғалымдарға кешенді қолдау көрсетіліп келеді. Мысалы, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарында тағылымдамадан өткізіп тұру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама ойынша қазір 1 475 тағылымдамадан өту жолдамасы тағайындалып үлгерді.

Ғылым және жоғары оқу министрлігі жас ғалымдарды бұлайша қолдау жалғастыра беретінін айтып отыр. Оның үстіне, мұндай жан-жақты қолдау “Жас ғалым” сияқты нақты бағдарламалар арқылы жүзеге асатын болады. Ал мемлекеттің айқын бағдарламасы болуы – жас мамандарды ынталандыра түсетіні сөзсіз.