freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бірі жиі келіп тұрады, бірі мүлдем келмейді": Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулері туралы ашық айтты (ФОТО)

Қоғам
"Бірі жиі келіп тұрады, бірі мүлдем келмейді": Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулері туралы ашық айтты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жұбайлары мен қыздарының әкелерімен қарым-қатынасы жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, үлкен қызы Айарудың әкесі Қуаныш қызымен жиі кездесіп, олардың отбасымен жақсы араласып тұрады.

"Айаруымның әкесі Қуаныш бізбен жақсы араласады. Қызына жиі келіп тұрады. Ал Салтайымның әкесі Арыстан бізбен араласпайды, келмейді", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырып, әншінің балаларына амандық тілеп, жылы лебіздерін білдірген.

Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова – Қазақстанның танымал әншісі, актрисасы және тележүргізушісі. Ол 1986 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. Әнші өнерге бала кезінен қызығушылық танытып, түрлі шығармашылық және спорттық үйірмелерге қатысқан. Бес жасынан бастап гимнастика, таэквондо, дзюдо, жүгіру, баскетбол және волейбол сияқты спорт түрлерімен айналысқан.

Мөлдір Әуелбекова 2003 жылы "SuperStar.kz" жобасының бірінші маусымына қатысып, бірақ жүздікке өте алмаған. Ал 2004 жылы осы жобаның екінші маусымында бақ сынап, үздік ондыққа дейін жеткен.

2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсті. Академияда Люция Төлешованың сыныбында білім алған. Оқу барысында "Саф", қазіргі "КешYou" тобына қабылданып, эстрада сахнасында танымал бола бастады. Топ құрамында жүріп, 2010 жылы "Шығыс базары" халықаралық ән байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Сол жылы Мөлдір "Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Бұл фильм көрермендердің ықыласына бөленіп, актрисаның танымалдығын арттырды. 2011 жылы фильмнің "Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль – 2" атты жалғасы жарық көрді.

2012 жылдан бастап Мөлдір Әуелбекова жеке шығармашылық жолын бастады. Ол "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Бір сен үшін" және "Өсиет" сияқты әндерді орындап, тыңдарманға ұсынды. 

Өнердегі жетістіктері үшін 2018 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған. Бүгінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрадасындағы танымал әрі сұранысқа ие өнер иелерінің бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу