Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

997. Қазақстанның телефон коды өзгереді

Мәдениет
997. Қазақстанның телефон коды өзгереді

Қазақстанда енді жаңа телефон коды +997 болады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстанда жаңа телефон коды енгізілетінін хабарлады.


"БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.

Министр сөзінше, қазіргі таңда қажетті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа ауысу шаралары атқарылуда.


Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды резервке қойылды!" деп жазды министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу