Әкім ҰБТ-ға дайындықты пысықтады

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 19.04.2021

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі М.Әйтенов қаладағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру барысын пысықтаған. Жиында Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева баяндама жасап, биыл 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіретінін және ҰБТ тапсырудағы өзгерісті айтып өткен. Бұрын ҰБТ қағаз түрінде, 2 рет ақылы және 1 рет грант алу мүмкіндігі негізінде 10 күн аралығында өтіп, ҰБТ өткізу пункттері әр өңірге арнайы белгіленіп келген еді. Ал, 2021 жылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдаланумен электрондық форматқа көшті. Бұл ретте тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсыра алады. Яғни, биыл түлектер ҰБТ-ны электронды форматта тапсырады.

Ж.Тажиеваның айтуынша, ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында І-кезеңі 10 наурыз 10 сәуір аралығында (ЖОО ақылы негізде түсуге) өткізіліп, 6 973 (74,6%) талапкер тест тапсырды.

ІІ-кезеңі 25 сәуір мен 30 маусым аралығында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) өтетін болады. Тестіленушілер өз бетінше (тіркелу сайты - https://app.testcenter.kz/auth) осы жылдың 15 сәуірінен бастап тіркелуде және ҰБТ тапсыру орнын Қазақстанның кез-келген өңірінен таңдау мүмкіндігі бар.

«Бұл жылы 15 173 талапкер тестілеуге (2 рет тапсырғанда 30 346) келеді деп күтілуде. Оның ішінде: Шымкент қаласынан – 8 585 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, Түркістан облысының Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 6 588 талапкердің келуі жоспарлануда. Жалпы бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады»,- деді Ж.Тажиева.

Шаһар басшысы атқарылған жұмыстарды тыңдап, тест тапсыру орталықтарындағы қауіпсіздік, санитарлық жағдайдың қатаң қадағалануын тапсырма берген.

 

Байланысты жаналықтар

Путин қазақстандықтарды марапаттап жатыр 

28.03.2023

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктер

27.03.2023

Абайдың кешін алғаш өткізген Құлжановты атқызған кімдер? 

26.03.2023

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

20.03.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

14.03.2023
MalimBlocks
Путин қазақстандықтарды марапаттап жатыр 

Олардың ішінде Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бар

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктер

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктердің тағдырына не себеп? 30 беттен асатын «Жапония күнделіктері» неге жазылмады?

Абайдың кешін алғаш өткізген Құлжановты атқызған кімдер? 

«Нұрғалиді атқыз» – деп Әлекең айтқан жоқ

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

Жергілікті жұрт көктемнің шыққан-шықпағанын осы амалдың қалай кіруінен-ақ байқаған