Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Мәдениет
Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар «Көш. Наурыз – думан» керуенінен басталды. Наурызнама аясында негізгі концерттік бағдарламаның бастамасы іспетті болған театрландырылған керуен қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Керуеннен кейін Астана алаңында музыкалық композиция және «Наурыз шашу» театрландырылған қойылымынан басталған «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік концерт өтті. Сахнада 500-ге жуық адам өнер көрсетті. 

Сондай-ақ, өнер жұлдыздарының қатысуымен Zhuldyzdy Almaty фестивалі өтті. 

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар Абай алаңында да ұйымдастырылды. Мұнда қонақтар мен тұрғындар үшін Наурызды тойлайтын елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін біріктіретін «Nauryz Fest» халықаралық фестивалі де өтті.

Сонымен бірге, бүгін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін кешкі концерт өтеді.

 

ФОТО: Алматы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу