Әуезовтің 1933 жылы жазылған үш очеркі

«Бұл мешіт еді. Тұқымын құртып, биыл жүдә қамба қылдық...»

Malim Админ

  • 26.09.2023

Жазушы Мұхтар Әуезов осыдан 90 жыл бұрын   Жуалы ауданы жайында үш бірдей очерк жазған.  Құнды жазбаларды оқи отырып, өзімнің жерлестерімнің, ең бастысы қазақ елінің тағдыры мен тарихын көз алдымнан өткізгендей болдым. Мақаланың соншама шынайылығы кейіпкерлердің түр-түсін көріп, дауыстарын естігендей боласың. Біріншісі «Жуалы колхозшысы» деп аталатын көлемді очерк. «Шұқырбұлақ» колхозынан аудан орталығы Вановкаға шыққан жазушының өзі және үш жолаушының әңгімелері, сөйлескен сөздері арқылы жазушы ауылдың тыныс-тіршілігін, еңбекке деген қатынастарын, көңіл-күйлерін табиғи әрі тартымды етіп суреттейді. Бір мысал: «Ырысбек – қызыл күрең, еңбекке піскен, ірі денелі, сом етті. Өзі де көңілді. Даусы қатаң. Әрбір қозғалыс-қимылында иелік, өз-өзіне сенімділік екпіні бар...». Дәл осы портрет менің жерлестерімнің  Жуалылықтардың тұрпаты, мінез-болмысы. 

Ауыл адамдарының еңбек етуге деген құлшыныстарын да жазушы шебер суреттейді: «Еңбектен біз қорықпаймыз. Біздің «Шұқырбұлақ»  Жуалыдағы  қазақ колхозының алды. 750 гектарастық ектік. Үкіметке жаңадан 17 мың пұттан аса бидай бердік, астық жинауда өзіміздікін бітіріп тастап, жанымыздағы «Азаттық» колхозы – өзбек колхозының  да 100 гектар бидайын орып бердік.»

Қашанда, еңбектің бағасы жоғары ғой. Ол заман бүгінгі күнмен салыстырғанда өте ауыр болғанын бүгінгі жастар білмеуі мүмкін, бірақ орта жастағылар, өздерінің ата-әжелерінің, әке-шешелерінің өмірін, көрген қиындықтарын біледі. Аға буын біздері ата-аналарымыз: «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті», «еңкейсең белің сынып қалмайды» деп, біздерді еңбекке баулып өсірді емес пе?! Мұхтар Әуезов әйел балалаларының сол кездегі бейнетін кейіпкер тілімен береді. Мәмбет айтады: «Сонда қатынның еңбегі жүдә зор болды. Тегі қатын деген берік жан болады екен ғой. Еркек порт кететін көрінеді. Сонау таудан– деп, Мәмбет  бет алдымыздағы 6-7 шақырым жердегі Жыланды тауын көрсетіп, – рауаш, алғи әкеп, өзіміз колхоз ісінде жүргенде ас қып беріп жүреді...». Ғасыр бұрынғы қазақ әйелінің әлемін осы бір ауыз сөзбен-ақ ұрпаққа аманаттап қалдырды.  Ол кездегі әйелдердің  үйіндегі шиеттей (он шақты) бала-шағасы, қартайған ата-енелері бар. Арқа еті арша болып, тау асып, қыр басып, алдымен  ауылдың жұмысшыларын тамақтандырып,  қалса балаларына талшық етті. 

Заманның тарлығын, қиындығын  мына бір үзіндіден де көреміз:«Мал басымыз аз. Мал тисе, тісті тіске қойып, баласындай  күтуді бұл колхозшылардың бәрі ұғып болды. –Ұқпағанда кәйтет... Малды бауыздағаны – өзін бауыздағыны емес пе колхозшының...». Аштықтан қырылған халқымыздың тектілігі көрінбей ме? Кеңестік идеология, қатаң заң, біздің ұлтқа деген жанашырлық сезімнің жоқтығы барлығы да жазушы қаламының астарынан  көрініп тұр.

Ал Рухани тамырымызға қай кезде, қашан балта шабылды? Осы сұраққа жауапты Мұхтар Әузовтің Жуалы жайындағы «Көктемнен бері» деген екінші мақаласынан табамыз. «Зор жетіспегендік: бізде бір газет жоқ. Кімнің кінәсі екенін біліп болмайды. Әйтеуір Бурный айналасында қазақ газетін мезгілімен көру былай тұрсын, тіпті ныспымен көрмейтін жерің толып жатыр.

... Бұл мешіт еді. Тұқымын құртып, биыл жүдә қамба қылдық», -дейді. Міне, ащы тарих. Дінімізден, ділімізден, тілімізден айырған  кесепат заманның қара дағы.

Бүгінгі қазақ тілінің зары   ғасыр  басында-ақ көкейкесті мәселе болғанын Әуезовтей  дана тұлға осы мақаласында  ашық көрсеткен. «...Мынау біздің  колхоздың  избачительниесі – кітапхана,– дейді.  Тап-таза орташа бөлме. Қабырғаларында айнала жапсырылған көсемдер суреттері, плакаттар. Бірақ аудан  қазақ тілінде жазылған  плакатқа жарлы ма, әлде не?.. Бір плакаттан  басқаның бәрі орысша...». ХХ ғасыр басында Алаш арыстары: ұлы тұлғалар Ахмет Байтұрысынұлы мен Міржақып Дулатұлы бірі маса боп ызыңдап, бірі «Оян қазақ» деп жүріп, оятқан қазағымызды шовинистер қайта ұйықтатып, қараңғы үңгірге  қамағандай. Зарарынан қаша алмағандықтан, бұл күнге дейін санамызға сәуле түспей, бодандық психологиядан арыла алмай келеміз-ау. 

Мұхтар Әуезовтің үшінші мақаласы «Сөз алған тау сағыз бен көк сағыз» деп аталады.    Мақаладан үзінді оқып, Жуалының суретін тамашалағандай боласыз: «Ашық, тынық, ерекше бір мөлдір таңертең. Мөлдір дейтінің:  алыстағы Алатау биіктері де, айналадағы далалар, адырлар да алыс-жақын селдір тоғайлар, поселкелер де тұп-тынық мөлдір судың түбіндей боп, буалдырсыз ап-айқын көрінеді». Бұл табиғат суреті – Жуалылықтардың барлығына таныс, міне,  90 жыл өтсе де табиғат, Туған Жер өз орнында! Бір ғана өзгеріс – Еркіндік, Азаттық, Тәуелсіздік.

Ал енді М.Әуезовтің мақаласынан бүгінгі ұрпаққа беймәлім тарих шежіресін танып-білеміз. Отызыншы жылдарда Жуалы ауданы Кеңес одағында каучук өндірісін өндіруге үлкен үлес қосып, Каучуктың шикізаты тау сағызы  мен көк сағызды өсіреді. Одақта бірінші орында болады. Осы өндірісті дамыту мақсатында техникум ашылып, онда 60 %  қазақ балалары білім алыпты.

Бұл мақалада да ел ішіндегі тұрмыстың қиыншылығы, жұқпалы аурулардың көптігі туралы да дерек бар:«... мына екі үйдің іші түгел ауру – безгек. Оларға ақша, азық жәрдемді істеп, оңалғанын күтіп отырмыз», – дейді жолдас Сариев. Бұл – үшінші мақаланың соңғы сөйлемі.

Ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің отызыншы жылдары хатқа түсірген үш мақаласынан  Жуалы тарихы арқылы күллі Қазақстанның тарихын көз алдымыздан өткіздік. Табиғаты таза, адал еңбек  етіп, Отанына, отбасына ырыздық-несібе әкелген, қуана білген қарапайым, саналы, сапалы салтын сақтаған қазақ жұртымен қайта қауышқандай болдық.

Өз алдына аудан болып, шаңырағын көтергеніне 95 жыл толған туған жеріміздің  тағдыры, болашағы бүгінгі біздерге, біздің ұрпақтарымызға аманат. Әжелеріміз: «түк етпейді, бұдан жаман күнімізде де тойға барғанбыз. Бұл да өтеді» деп,  сабырлыққа шақырушы еді. Осындай уақытта дамыған мемлекеттер бір қадам басса, біз көп қадам басуымыз керек. Абай данышпан айтқан жаман кесел еріншектіктен құтылу қажет. Барлық бақытсыздықтың, кедейліктің, жауыздықтың, пасықтықтың да басы сол – еріншектік.

Гүлтас Сайынқызы – Жуалы ауданының құрметті азаматы. Ұстаз, профессор

Байланысты жаналықтар

Жамбыл облысында 6 адам газға уланып қаза тапты

22.10.2024

Бүгінгі ауа райы қалай болады? Синоптиктер болжамы

02.10.2024

Бақытжан Малыбаев Жамбыл облысы полициясының басшысы болып тағайындалды

25.09.2024

Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

13.07.2024

Жамбыл облысында жағдай қиындады

15.12.2023

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

19.08.2023
MalimBlocks
Жамбыл облысында 6 адам газға уланып қаза тапты

Қайғылы оқиға  Жарлысу ауылында болған

Бүгінгі ауа райы қалай болады? Синоптиктер болжамы

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі

Бақытжан Малыбаев Жамбыл облысы полициясының басшысы болып тағайындалды

ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізді

Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Тағы бесеуі жарақат алып, ауруханада жатыр.

Жамбыл облысында жағдай қиындады

Қар құрсауында қалған көліктер әлі де көп

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық