"Болашақ" бағдарламасы: Ауылдан қатысатын үміткерлер тіл курсынан өте алады

Malim Админ

  • 23.04.2021

"Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратура немесе докторантура оқымас бұрын шет тілінен дайындық курсын ала алатын квоталық санат бар ма? Шетелде оқып келген соң, "Болашақ" түлегі елде қанша жыл еңбек етуі керек? Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен "Болашақ" халықаралық бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған баспасөз мәслихатында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Malim сайтының сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жылдары "Болашақ" бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірқатар квота санаттары алынып тасталды. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін мәдениет қызметкері, БАҚ саласының қызметкері, ғылыми қызметкер санаттарының өкілдері "Болашақ" бағдарламасының іріктеуінен өтіп, шәкіртақы иегері атанған жағдайда, оларға тіл дайындығы курсынан өтуге мүмкіндік берілетін. Алайда 2020 жылы "Болашақ" бағдарламасының іріктеу шарттарына енгізілген өзгерістерге сай бұл квоталық санаттар алынып тасталды. Malim тілшісі онлайн брифинг кезінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президентінен оның себебін сұрап, енді тіл дайындығынан өте алатын квоталық категориялардың бар-жоғын түсіндіріп беруді сұрады.

Айнұр Кәрібозованың айтуынша, қазіргі кезде ауылды жерден шыққан үміткерлер квоталық санатқа жатады. Оларға шетелдегі оқуға кеткенге дейін ел аумағында алты айға дейін тіл курсынан өтуге мүмкіндік беріледі. Ал өзге квоталық санаттардың алынып тасталу себебі – "Болашаққа" құжат тапсыратын үміткерлерге тең жағдай жасау және үміткерлер сапасын жоғарылату.

–  Жеңілдетілген квоталық жеті санат үміткерлерін "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту 2008 жылдан 2019 жылды қоса алғанда, яғни 11 жылдық кезеңде іске асырылды. Сол кезеңде еліміздің 3657 азаматы жеті санат шеңберінде жеңілдетілген шарттармен конкурстық іріктеуге қатысып, академиялық оқуға дейін мемлекеттік қаражат есебінен 2008-2012 жыл аралығында 1,5 жылға дейін арнайы тіл дайындығанан өту мүмкіндігін алды. Ал 2012 жылдан 2019 жылды қосып алғанда, осы мерзім аралығында бір жылға дейін тіл дайындығы курсынан өту мүмкіндігін алған. 2020 жылы бюджеттік қаражатты үнемдеу, қаражатты нысанды іске асыру мақсатында оңтайландыру жұмысы қолға алынды. Соның ішінде жаңа іріктеу ережесіне сәйкес, квоталық жеті санат алынып тасталды. Жаңа ережеге сәйкес, оларға тиесілі тілдік дайындық мүмкіндігі қарастырылмайды. Сол арқылы біз 2021 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік бюджеттің 1,3 миллиард теңгесіне дейін үнемдеудеміз. 11 жыл ішінде квоталық жеті санат өкілдеріне ауқымды көмек көрсетілді, – деп түсіндірді Айнұр Кәрібозова.

Ал 2020 жылдан бастап  барлық үміткерге қойылатын басты талап – бұл басымды мамандықтар тізіміне енген мамандықтар бойынша "Болашақ бағдарламасының шеңберінде оқуға ұсынылған жоғары оқу орындарына өз бетімен шартсыз түрде түскен үміткер болу. Былайша айтқанда, үміткер қолында университеттен оқу бағдарламасына қабылданғанын растайын шартсыз шақырту болуы тиіс.

"Бұл талаптың басты қойылу мақсаты –  біріншіден, конкурстық іріктеу кезеңінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Екіншіден, "Болашақ" бағдарламасына  құжат тапсыратын үміткерлердің сапасын біршама жоғары деңгейге жоғарылату. 2020 жылдан бері конкурстық іріктеуге ерекше шартпен жалпы конкурс негізінде қатысатын жалғыз ғана үміткерлер санаты – бұл ауылдық мекендерден келген азаматтар. Тек осы үміткерлер санатына ғана егер конкурстық іріктеуді сәтті өткен жағдайда және республикалық комиссия шешіміміен стипендия иегері атанғаннан кейін еліміздің аумағында алты айға дейін шет тілі дайындығы ұйымдастырылады", - дейді Айнұр Кәрібозова.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып келгендерге де "Халықаралық бағарламалар орталығы" АҚ ерекше көңл бөліп, жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырып, былайғы кезде де жұмысқа орналасуға көмектеседі.  "Халықаралық бағдарламалар орталығында" түлектермен жұмысты іске асыратын арнайы департамент бар.

Қазіргі кезде "Болашақ" түлектері республикалық маңызы бар қалаларда ғана емес, облыс, аймақтарда да қызмет етіп жүр. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" түлектерін облысқа баруға ынталандыру арқылы аймақтардың дамуына үлес қосып жүр.  Түлектердің еңбек өтілін облыстарда өтеп, аймақтарда жұмыс істеуге ынталандыру үшін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" елдімекендер мен облыстарда жұмыс істейтін "болашақтықтардың" еңбек өтілін қысқартты.  Нормативті реттеу мен "Болашақ" халықаралық стипендиясына сәйкес еңбек өтіліне қойылатын талап – республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте бес жыл, ал аймақтарда үш жыл", - дейді А.Кәрібозова.

Айтпақшы, еңбек өтілін елде өтеп бітіп, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" алдындағы міндеттемесін толық аяқтаған "Болашақ" түлектері елден көшіп кетеді деп топшыласаңыздар, қателесесіздер. "Болашақ" бағдарламасының 27 жылдық тарихында шетелде қалып қойған түлектер 1,3 пайыздан төмен немесе бар болғаны 179 адам.

"Болашақ" бағдарламасының 27 жылдық іске асыру тарихында 14 156 адам стипендия иегері атанды. Оның 11 133-і оқуын аяқтады. Оның 7846-сы елге қайтып келген соң тақаруы тиіс еңбек өтілін өтеп бітті. Ал 3 мыңнан астам түлек әзірге еңбек өтілін өтеп жаты. Біз олармен үнемі жұмыс істейміз, Елден тыс қалған "болашақтықтардың" жалпы пайызы 1,3 пайыздан төмен, небәрі 179 адам.Қалған түлектер өз мамандықтаы бойынша еліміздің әртүрлі саласында жұмыс істеп жүр", - дейді А.Кәрібозова.

Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша 1055 шәкіртақы бөлінеді. Құжат қабылдау 4 мамырда басталып, 28 қазанда аяқталады. Ал конкрустық іріктеу 30 қарашаға дейін жалғасады.

Байланысты жаналықтар

Жаңа пьесаларды сахнаға шығаратын жоба басталды

24.12.2024

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

22.12.2024

Маржан Жұбаныш. Қазақ мультфильмін әлемге танытқым келеді

20.12.2024

Астананың LED экрандарында Мемлекеттік ту бейнеленді (ВИДЕО)

15.12.2024

Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

12.12.2024

Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

10.12.2024
MalimBlocks
Жаңа пьесаларды сахнаға шығаратын жоба басталды

Жоба екі кезеңнен өтті

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

Бүгін – Архившілер күні!

Маржан Жұбаныш. Қазақ мультфильмін әлемге танытқым келеді

2022 жылы жарық көрген мультфильм сол жылы Жа­по­нияда өткен анимациялық фильмдер фестивалінде 1-орын алды. Мультипликация өндірісінің отаны саналатын елде мұндай жоғары сыйлыққа ие болу өте қиын екені түсінікті. Tokyo Film Award фестиваліне әлемнің көптеген елі­нен жүздеген мультфильм қатысқан.

Астананың LED экрандарында Мемлекеттік ту бейнеленді (ВИДЕО)

Шара Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған

Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

Кітап Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы шығарған тұңғыш сөздік