Димаш «Бешикташ» стадионындағы концертінде көзіне жас алды (ФОТО, ВИДЕО)

Әншіні туға күнімен құттықтауға алыс-жақын шетелден музыканттар келді

Мәди Саматұлы

  • 26.05.2024

Димаш Түркияда «Бешикташ» стадионында жеке концертін өткізді. Концертпен бірге ол осы кеште 30 жасын да атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кешке Димаштың отбасы, достары, әріптестері және әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған жанкүйерлері келді.

Өнер иесін Түркия, Қазақстан және АҚШ-тан жеткен әлемге әйгілі музыканттар құттықтады.

Концертте музыкант Халук Левент қабылдаушы ел атынан қазақ өнерпазын түрік жерінде қарсы алып, Димашқа гитара да сыйға тартты.

Рокер Халук пен классикалық вокалист Димаш сахнадан акустикалық гитараның сүйемелдеуімен түріктің ең танымал «Gesi Bağlari» әнін орындады.

Концерттің тағы бір қонағы атақты диджей Бурак Йетер болды. Ол Димашпен былтыр Түркиядағы «Weekend» әнінің премьерасы өткен алғашқы концертінен бері бірге жұмыс істеп келеді. Бұл жарқын, жеңіл шығарма осы жолы тағы да орындалып, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.

Бурак Димашқа «ғарыш» күртесін сыйлады.

Концерттің тағы бір арнайы қонағы қазақстандық композитор, Димаштың досы Ренат Гайсин да болды. «Қайран Елім» әнін Димаш маэстро Гайсиннің сүйемелдеуімен пианинода және Олжас Құрманбектің сүйемелдеуіндегі қобыздың қоңыр үнімен орындап, әртістердің адам тағдыры жайындағы терең толғаныстарын аша түсті.

Осы мерейтойлық кеште Димаш алғаш рет Лос-Анджелестен келген қонақ, композитор, продюсер, көптеген танымал музыкалық туындылардың авторы Нейтан Вангпен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Димаш композитор сүйемелдеуімен Джеки Чанның «Авангард» фильмінің саундтрегін алғаш рет сахнада орындады.

Ал концерттегі көрерменнің телефондары мен шамдарының жарығынан пайда болған көріністен соң кеш иесі қуаныштан көзіне жас алды.

Фото: dimashnews.com

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті