Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

Malim Админ

  • 18.02.2025

17 ақпанда ең танымал басылымдардың бірі ROLLING STONE қазақстандық музыкант туралы «Димаш Құдайберген DIAFA 2024 сыйлығына музыка саласындағы жаһандық ықпалы үшін ие болды» деген материал жариялады.

Мақала авторы 2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен беделді халықаралық Arab Festivals Awards (DIAFA) марапаттау рәсімі туралы баяндап, оның лауреаттары арасында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болғанын баяндайды.

- DIAFA-да Димаштың марапаты үлкен маңызға ие. Ол осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы Орталық Азия әртісі болғандықтан, Әлемдік көшбасшылардың көрнекті тізіміне енді. Әртүрлі саладағы 25 журналистен тұратын комитет өткізетін қатаң іріктеуімен танымал DIAFA өз салалары мен қауымдастықтарының дамуына айтарлықтай үлес қосқан адамдарды атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында Димаш өзінің жалғасып жатқан әлемдік турының титулдық әні «Stranger» әнін орындады. Оның классикалық, поп және дәстүрлі қазақ элементтері біріктірілген қойылымы көрермендерді баурап алды. Жүргізушілер оны мәдени және музыкалық шекаралардан өту қабілетіне баса назар аудара отырып, «шекараны білмейтін дауысы бар ерекше талант» ретінде ұсынды, - делінген мақалада.

Автордың пайымынша, Димаштың DIAFA-ға қатысуы оның музыкасы тілдік және мәдени кедергілерді еңсеру арқылы бүкіл әлемде резонанс тудыратынын көрсетті. Әнші 14-тен астам тілде сөйлеп, бүкіл Еуропа мен Азия бойынша залдарды толық жинай отырып, Қазақстаннан тыс жерлерде өз Отанының мәдениетін таныстыруды жалғастыруда.

ROLLING STONE – музыка мен поп-мәдениетке арналған америкаық журнал. 1967 жылы Сан-Францискода негізі қаланған.

Димаштың БАӘ-дегі жұмысына арналған мақала ROLLING STONE MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) басылымында жарияланды, ол Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың жиырмадан астам елін қамтиды.

Фото: Dimashnews

 

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік