Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

Бүгін – Архившілер күні!

Мәди Саматұлы

  • 22.12.2024

Қазақстанда жыл сайын 22 желтоқсанда Архившілер күні аталып өтеді. 1998 жылы осы күні «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заң қабылданды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанның архив, кітап ісі және әдебиет салалары айтарлықтай нәтижеге жетті. Архивтердің тиімді қызметі, заңнамалық өзгерістер, халықаралық деңгейдегі кітап көрмелері мен ұлттық мәдениетке арналған жаңа бастамалар – еліміздің рухани дамуы мен тарихи мұраларын сақтау ісінде маңызды қадам болды.

Биыл мемлекеттік архивтер Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл аудандық архивімен және Қатонқарағай аудандық архивімен толықты. Осылайша, елімізде тарихи фактілер мен оқиғалардың көзі саналатын мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті, деп жазды министрлік.

Заңды және жеке тұлғалардан 219 862 сақтау бірлігі қабылданған. Бүгінде Ұлттық архив қорының көлемі 74,7 мың бірлікке арттып отыр. Қазақстан бойынша архив қоры 27,5 миллион сақтау бірлігіне жетті. Мұрағат құжаттарына қоғам мен азаматтардың қызығушылығы артып келеді. Биылғы 9 айда 12 187 зерттеушіге 73 704 сақтау бірлігі берілген.

Ұлттық электронды кітапхана (ҚазҰЭК) өз қорын айтарлықтай кеңейтіп, 78 149 құжатқа жеткен.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Абайда қанша мал болған?

19.05.2025

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

23.04.2025

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

23.04.2025

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

«Пиво ішкен жоқпын»: Мақпал Жүнісова видеосымен көпшіліктің көңілін көтерді

24.09.2024

Ұлттық архив қорында 27.5 млн-нан астам құжат сақтаулы тұр

09.06.2024
MalimBlocks
Абайда қанша мал болған?

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

Елімізде қанша кітапхана бары айтылды

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

«Пиво ішкен жоқпын»: Мақпал Жүнісова видеосымен көпшіліктің көңілін көтерді

Әнші оқырманын күлкіге қарық қылды.

Ұлттық архив қорында 27.5 млн-нан астам құжат сақтаулы тұр

9 маусым – Халықаралық архивтер күні!