457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, елімізде 3 920 жалпы қолжетімді кітапхана бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның ішінде 265-і балаларға арналған, ал 15-і жеке меншік. Бұл мекемелерде 10 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

Кітапханалардың басым бөлігі – әмбебап (3 873), сондай-ақ елде 20 ғылыми және 19 арнайы кітапхана жұмыс істейді.

Кітапханалар саны бойынша көшбасшы өңірлер:

  • Түркістан облысы – 399 кітапхана
  • Батыс Қазақстан облысы (БҚО) – 358
  • Ақмола облысы – 341
  • Ал ең аз кітапхана Астанада – небәрі 27.

Кітап қорына келсек:

Ел бойынша 110,3 миллион дана басылым тіркелген.

Электронды каталогтың көлемі – 1,7 миллион бірлік.

Алматы қаласында ең ірі кітап қоры – 37,1 миллион басылым.

2024 жылы қазақстандық кітапханалар 55,4 миллион рет келуші қабылдаған. Ең белсенді өңірлер:

  • Алматы – 5,5 миллион келуші
  • Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) – 4,5 миллион
  • Түркістан облысы – 4 миллион

Фото: pixabay.com/

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған