Г.Сайынқызы: Мұғалім – өнеге иесі

Malim Админ

  • 27.07.2023

ХХ ғасырдың басында-ақ Кеңес мектебінің қателгі туралы Мағжан Жұмабаев былай деген екен: «... Қалайда мектебімізге берік бір негіз салу керек. Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескеретін іс – соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Еліміздің саяси ынтымағы һәм шаруашылық тұрмысын жаңа жолға қоймақшы болғанда да біз еліктеу ауданында жүрміз. Қазақ жанын қайшылап отырып жат қалыпқа салмақшымыз. Жат қалыпты қазақ жанына қабыстыру яки жаңа қалып жасау тәжірибесіне кірісуіміз қарадай қорқытады. ... Адам жанын байлап, машинаның құрбаны қылуға ұмтылу – адамзат дүниесінің соңғы ауруы».  (М. Жұмабаев. Шығармалары. А., «Жазушы», 1989 ж. 315-бет)

Міне сол «ауру» асқынып тұрған сәті бүгінгі күн болса керек. Сөздің басын тәрбиеші мен ұстаздан бастау керек.

Мұғалімнің жақсы болмағы жалғыз жалақыға қарамайды. Әрине жағдайы жақсы болса, көңілдегі алаң аздау болар. Дегенмен мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол мамандықтың жауапкершілігін бірге алып жүруіміз керек. Біздер темір, немесе ағаш өңдеп жатқан жоқпыз. Біздің алдымызда тіршіліктің иесі, адамның баласы отыр. Оның тағдыры біздердің қолымызда. Ұстаз деген ұғым ғұламалылыққа жақын ұғым. Ол өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат-әсерін, сырын, т.б. білетін жан болуға тиіс. Оның бойында мейірім, парасат, талап қоюшылық, мәдениеттілік қасиеттердің ең жоғарғы сапасы болуға тиіс. Сонда ғана ұстаз деген атқа лайық болмақ.

Шәкірт ұстазынан өзімен түйдей құрдас бала мінезін де, өзінен жүз жас үлкен дана мінезін де сезініп, көре білсе, оның сол ұстазына еліктеп, өзіне өнеге тұтып, оқытқан пәніне деген қызығушылғы артады. Ал ұстазын өнеге тұтпаса, ол сабақ уақыт өткізу сабағы болады. Жүсіпбек Аймауытов: «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» дейді.

Мысалы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын мұғалім өзі оқып, жазушының талантына өзі табынып, тамсанбаса, оқушыны ол әлемге қалай апарады?

Мұғалім нәрсеге өзі қызығып қарай бастаса, баланың да ілтипатын өзіне аударады. Балаларға «бері қараңдар» дегеннің орнына мұғалім өзі қарап, бақылап, тамашалауы, таңдануы керек. «Қараңдаршы, балалар, не деген тіл, не деген ой! Жазушының кейіпкер психологиясын осыншама шынайы беруі ғажап емес пе?» деп, кітаптан үзінділерді, оқушылармен бірге қарап, бірге оқыса, балалар еріксіз кітап ішіне енеді, көздері жетеді. Осындай ғажап дүние-әлеміне енгізгені үшін ұстаздарына іштей разы болады. Осындай жағдайға алып келген соң, ары қарай оқушыларға нақты тапсырмалар беріледі. Оқуды ізгілендіру деп жүргеніміздің сыры да осында жатыр. Балаға аз нәрсе беру ақылы, көп білім алуға өз бетімен жеткізу. Бұл жөнінде де Ж.Аймауытов жақсы айтқан: «Жақсы сабақ –баланың өзіне істеткен»

Білім мен тәрбие егіз. Ұстаз қолында бірі болып, екіншісі болмаса, нәтижесі нөлге тең болады. Баланың қисық, түзу болуы, ақылы, сезімі, қайратының жігерлі болуы мұғалімінің қимыл-әрекетіне, ықылас-пейіліне, жігерлі ықпалына тікелей байланысты. Мұғалімнің жігерлі болуы сүйегіне біткен қасиет болуға тиіс. Ұйықтап жүріп, қабағы түсіп, салбырап жүріп сабақ беретін мұғалімді мектепте ұстауға болмайды. Ондай мұғалім балаларды өрге емес, төменге, құрдымға сүйрейді. Қорыта айтар болсақ, ұстаз өнеге иесі болуға тиіс.

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

19.11.2024

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

15.10.2024

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

14.10.2024

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

07.10.2024

Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

05.10.2024

Павлодар облысында оқушы қыз тапаншамен ер баланы жарақаттады

01.10.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан

Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқан 5 мың мұғалім бар

Павлодар облысында оқушы қыз тапаншамен ер баланы жарақаттады