Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе

Malim Админ

  • 20.03.2023

Ұлыстың ұлы күнінде бір-бірін «мерекеңізбен!» деп, тілек арнап құттықтайтындар көп. Көпшілік «мереке» мен «мейрам» сөздерінің ара-жігін ажырата алмай жүр. Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе. 

Мереке деп мемлекет тарапынан ресми түрде Заңмен бекітілген салтанатты оқиғаларды айтады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі,  Конституция күні, Тілдер мерекесі, Халықаралық әйелдер күні мереке есебінде.   

 Қазақстан Республикасының заңы бойынша мерекелер ұлттық, мемлекеттiк, кәсiби болып бөлінеді. Ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғалармен қатар, жалпыхалықтық үрдіске ие емес жекелеген кештер мен оқиғаларды да мереке ретінде танимыз. Мысалы, туған күн, бас қосу, концерт, той, тағы басқа.

Мейрам деп - жалпыхалықтық сипат алған, тарихи жағынан әбден қалыптасқан әрі дәстүрге айналған салтанаттар мен той-думанды айтады. Мысалы,  наурыз,  құрбан айт, ораза айт  мейрамдары ертеден бері тойланып келеді. Бұл қатарға бие байлап, алғаш қымыз ішуге шақыратын халықтық мейрам Қымызмұрындықты  жатқызуға болады.

Ескеретін жайт, мейрам халықаралық мәртебеге ие, сондықтан оның мерекеге қарағанда ауқымы кең. Реті келсе 8 наурызда мерекелеріңізбен деп құттықтап, 22 наурызда мейрамдарыңызбен деп тілек білдірген дұрыс. Осы екі ұғымның арасындағы айырмашылықты біле жүрген абзал.  

Байланысты жаналықтар

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

01.05.2025

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17.04.2025

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

15.04.2025

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

13.04.2025
MalimBlocks
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады