Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

Біраз әңгімелестік

Malim Админ

  • 18.09.2022

9 мамыр, 1958 жыл   

Стадионға бардық, қатты шаршатты.  Гранат лақтырам деп, бір рет құлап қалдым.  Шықшытым қызарып кетті. Атасына нәлет... осындай жаттығуларды жаным сүймейді ғой. «Жамбыл шығармаларындағы тұрақты сөз тіркестері» деген тақырыпта курс жұмысын жаздым. Көрсетілген әдебиеттің біреуін де оқымастан, Ахановтың (біздің оқытушымыз) бір кітапшасының тиісті тарауына атүсті қарадым да, бірден жазуға кірістім. Көңілсіздіктен туған нәрсе оңа ма? Тек маусымдық міндетті өтесем болды емес пе? Оның үстіне, менің ғалым болам деген ойым жоқ. Көп жігіттер ьолашақта ғалым атануға талпынып жүр... Көбінесе бір жерден оқығандарын айтып, өздерін ерекше білгішпін деп есептейтіндер бар. Жаңалық айтамыз ба деп, семинарларға даярланып, лағып кететіндер де қасымда жүр. Мен әдетте ондай таластарда үнсіз отырамын. Өйткені өзімді бұлардан артық болмаса, әсте кем көрмеймін. Тағы бірдеңе жаздым... Күн бұлтты, бірақ жаңбырсыз, жылы болды. Көңіл күйім жақсы мен орташаның арасында деуге келеді. 

16 мамыр, 1958 жыл

Стадионға бардық. Қайтар жолда пәтеріме Мұхтармен («А» группасында оқиды) бірге келдім. Біраз әңгімелестік. Мұның дүниеге көзқарасы менікімен үйлесетінге ұқсайды. Бұрын Мұхтар Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқ едім.     Жақсы жігіт сияқты. Әдебиет зерттеушілік қабілеті бар. Тарихты көп қозғайды екен. Сансызбай дүкеннен май әкелмегендіктен, Мұхтар екеуміз асханаға барып тамақтандық.  Сабақтан соң факультеттік комсомол жиналысы болып, қызу мәселелер талқыланды. Түнгі сағат 12-де әрең тарап, далаға шықсақ, жаңбыр құйып тұр екен. Үйге келгенше көресімді көрдім-ау. Су болмаған жерім қалмады. Үйде ыстық шай да жоқ екен. 

20 мамыр, 1958 жыл

Бүгін бір мағыналы күн болды. Күндізгі сағат 1-де университетте мәскеулік ақын Алексей Сурковпен кездесу өтті.  Ол өзінің шешен тілімен жұртты бірден үйіріп әкетті. Сурковпен кездесуден тарасқан соң, алыс Америкадан келген мәдени делегацияға кез болдық. Олардың мінез-құлықтары маған ұнамады.  Біреуі төңірегіне сумаңдай көз жүгіртіп, университет маңайын, аудиторияларды қарағыштаумен болды. Тіпті бізді менсінбейтіндей көрінді. «Жүздерінде достық нышаны жоқ қой» - десті біздің студенттер. Көп ұзамай олар машиналарына отырып, кетіп қалды. Кешқұрым тағы да ГДР-ден келген туристермен акт залында салтанатты кездесу болды. Біздің студенттер қонақтарды неміс тілінде құттықтады. Шет тілдер институтының күшімен жақсы концерт қойылды. Туристер мен студенттер алқа қотан араласып кетті. Жалпы, осы немістерің қазақтарға дос пейілді, ашық жарқын халық сияқты көрінді. Әйтеуір анау янкилер секілді тәкаппар, тоқмейіл, керенай кердең емес.      

Байланысты жаналықтар

Астанада Герольд Бельгердің жаңа кітаптары таныстырылды

15.11.2024

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

17.09.2024

«Дрина көпірі»: шығыс пен батыс қақпасы

11.09.2024

Дулат Исабеков: Шет елдер Қазақстан туралы білмейді

29.07.2024

Айқын Нұрқатов. Абайдың лирикасы

20.07.2024
MalimBlocks
Астанада Герольд Бельгердің жаңа кітаптары таныстырылды

Кітаптар еліміздің кітапханаларына таратылады

Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

Еуропада әйелге әйел, еркеке еркек үйленіп жатыр

«Дрина көпірі»: шығыс пен батыс қақпасы

Империялардың саяси ұрандары ілініп, тәртіп пен заң жайындағы қауесеттер алдымен көпірге естіледі

Дулат Исабеков: Шет елдер Қазақстан туралы білмейді

300 жыл қатар өмір сүрген Петербургың да білмейді бізді...

Айқын Нұрқатов. Абайдың лирикасы

«Қазақтың келістірер қай баласы» деуі — Абайдың астамшылығы немесе нигилистігі емес, ащы шындықты мойындауы әрі суреткер ретінде өзіне тарих жүктеген міндетті терең сезінуі