Өркениетаралық диалог ынтымақтастықты нығайтады

Malim Админ

  • 03.03.2023

Қазір әлемде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі дамыту маңызды. Бұл елдер арасындағы бейбітшілікті нығайтып, тұтастықты нықтайды. Осы бағытта әлемде және елімізде бірқатар ілкімді шаралар жүзеге асырылуда.   1-3 наурыз  Алматыда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің қорытындысы және оның Декларациясы бойынша «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, магистранттары, PHD докторанттары үшін дәріс оқыды.

Бірегей диалог алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі мен қорытынды Декларациясының негізгі месседждерін аудиторияға жеткізу мақсатын көздейді. 

Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын бейбіт қатар өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындылары туралы айтып, оның халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті:

Болат Сәрсенбаевтың айтуынша,   «Қазақстан Республикасының бітімгершілік ұстанымы, әлемдік аренадағы процестерге деген жоғары жауапкершілігі - өркениетаралық және дінаралық диалогтың жаһандық халықаралық орталығы ретінде лайықты танылуы мен құрметіне ие болады».  

Сондай-ақ, ғылым мен сапалы білім беру арқылы қалыптасатын толеранттылықты тәрбиенің маңыздылығы сараланды.

Айта кетейік, Съезд бойынша дәрістер Астанада - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Назарбаев университетінде, Түркістанда -Х.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді.

Сонымен қатар, сапар барысында Орталықтың Басқарма Төрағасы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед аш-Шахат Әл-Джиндимен, университет проректоры, Орталықтың Директорлар кеңесінің мүшесі Қ.Құрманбаевпен, Ш.Уәлиханов атындағытарих және этнология институтының директоры З.Кабульдинов, Алматы қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Н.Кикимов,М. Қозыбаев атындағыҚРІшкі істер министрлігі Алматы академиясының басшысы А. Сейтбеков,Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры ҚР Р Д. Мәсімханұлымен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулер қорытындысы бойынша конфессияаралық және өркениетаралық диалог саласында одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, Н.Назарбаев Орталығы мен Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын, ғылыми жобалар, зерттеушілердің, ғалымдар мен екі ұйым қызметкерлерінің академиялық білімін кеңейту бойынша бірлескен ақпараттық және имидждік жобаларды іске асыруда жұмыс жасауға, талдамалық материалдар мен жарияланымдармен алмасуға, тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзара қызығушылық тудыратын басқа да іс-шаралар өткізуге ниетті.

Жалпы, бұл бастамалар әлемнің түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, конфессияаралық диалогты нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі идеяларын ілгерілетуге бағытталған.

 

 

Байланысты жаналықтар

«Намаз оқуды талап еттік»: Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін айтты

29.10.2024

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

17.09.2024

Абай қазақты шоқындырудан қалай аман алып қалды?

10.08.2024

Сметов желіде талқыға түскен әңгімесіне қатысты жауап берді

08.08.2024

«Имансыз ұрпаққа жердің қажеті жоқ». Танымал асаба қазақ батырлары ислам діні үшін соғысқанын айтты

30.07.2024

"19 баланы оқытқан". Қарасай ауданында заңсыз медресе анықталды

22.07.2024
MalimBlocks
«Намаз оқуды талап еттік»: Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін айтты

Әншінің жары балаларын намаз оқуға міндеттейтінін жасырмады

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

Ашылу салтанаты қыркүйектің 27-не жоспарланған

Абай қазақты шоқындырудан қалай аман алып қалды?

12 мешіттің аузына құлып салынып, архиепископ дін таласына шақырады

Сметов желіде талқыға түскен әңгімесіне қатысты жауап берді

Спортшы өзінің дұға оқу арқылы қарсыластарымды қиындықсыз жеңгенін айтқан еді.

«Имансыз ұрпаққа жердің қажеті жоқ». Танымал асаба қазақ батырлары ислам діні үшін соғысқанын айтты

Ол қазақ батырларының жер үшін емес, дін үшін соғысқанын айтады

"19 баланы оқытқан". Қарасай ауданында заңсыз медресе анықталды

Тәжікстан елінің тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген