Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін – БАҚ
Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду ислам дінін қабылдау туралы ойланып жүр

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду ислам дінін қабылдау туралы ойланып жүр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
2023 жылдың басында Манчестерден Сауд Арабиясына көшкен 40 жастағы футболшы жаңа елді, мәдениетті тану үшін көп еңбектенді.
"Әл-Наср" клубының бұрынғы қақпашысы Валид Абдулланың айтуынша, Роналду ислам дініне шын ниетпен қызығушылық танытып жүр.
"Ол дінді қабылдағысы келеді. Бұл туралы өзі де айтты. Ол гол соққаннан кейін сәжде жасап, ойыншыларды намаз оқуға, діни рәсімдерді орындауға шақырады", – деді Абдулла.
Сондай-ақ, Роналду әртүрлі діни жоралғылар туралы жиі сұрап, оларды түсінуге тырысатынын айтқан.
Мұсылман әлеміне жақындастыратын әрекеттер
2023 жылғы мамырдан бастап Роналдудың голдан кейін сәжде жасаған сәттері жиілеген. 2024 жылғы наурызда баспасөз мәслихатында "Әл-Наср жеңіске жетеді, Ремонтада, иншааллах", – дегені көпшілік назарын аудартты. Бұл сөздер исламға деген құрметтің белгісі ретінде қабылданды.
Ораза Айт мейрамында да футболшы мұсылмандарды құттықтап:
"Баршаңызға құтты болсын! Бұл ерекше кезең сіздерге және жақындарыңызға қуаныш, бейбіт өмір мен бақыт әкелсін", – деп жазды.
Жоржина Родригестің ықпалы
Роналдудың серіктесі Жоржина Родригестің де бұл шешімге әсері болуы мүмкін. 2023 жылы ол жергілікті ережелерді бұзғаны үшін сынға ұшыраса, 2024 жылға қарай ораза ұстап, түсірілімдерін тоқтатқан кездері де болған.
Роналду қазір қандай дін ұстанады?
Қазір Роналду әлі де католик саналады. Алайда ол кейбір мерекелік сәттерде екі діннің белгілерін қатар көрсетіп жүр — мысалы, пенальти сериясынан кейін кресі белгісін жасап, артынан сәжде жасаған.
Фото: іslam-today.ru
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
