Перзентхана тойханаға айналды. Дәрігерлер шошып жүр

Ақтаудағы облыстық перинатальды орталық қызметкерлері өңір тұрғындарына ренжулі. Өйткені  күн сайын перзентханадан сәбилерді​ үйге шығару рәсімі шағын тойға айналып кеткен.

  • 14.04.2023

Қуанышын атап өтушілердің перзентхана ауласында музыка қойып, концерттік бағдарламаға

жасауы іштегі адамдардың жұмыс істеуіне әрі ұйқыдағы сәбилердің тыныштығын бұзып жатыр екен.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Ақмарал Қалдыбайқызы ғимарат алдындағы шаралардың күн өткен сайын көбейіп бара жатқанын атады.

«Сәбилі болу үлкен қуаныш. Алайда үйге шығару сәтін медициналық мекеме алдында тойға айналдырмау туралы олардың жақындарына бірнеше рет айттық. Музыка ойнатып, түрлі қойылым қойып жүрген аниматорлық кейіпкерлерге де ескертілді. Олардың бұл әрекеті бізге, іштегі ем қабылдап жатқан адамдарға, ұйқыдағы сәбилерге кедергі келтіреді» дейді дәрігер.

Оның айтуынша,  музыка мен шудың дауысы ғимарат ішіне анық естіледі.

Өйткені, ғимарат шудан қорғалмаған. Терезе жабық тұрса да, сырттағы әр дауыс жаңғырып естіледі.  Ал бұл орталықтан күн сайын 25-30 сәби үйіне жол бастайды. Үйге шығаруға күндізгі 14:00-ден бастап рұқсат етіледі.

«Осы уақыттары шағын концерттер басталады. Біздің нысан үшінші деңгейлі перинаталды орталық болып саналады. Мұнда шала, салмағы жетілмей дүниеге келген сәбилер арнайы аппаратта жатыр. Сол уақытта даладағы дауыс бәріне естіліп, олардың тыныштығын бұзады. Оған көліктердің сирена дауысын қосыңыз», - дейді Ақмарал Қалдыбайқызы.

Орталық қызметкерлері тұрғындар айтқан сөзімізді құлақтарына қыстырмайды дейді. Заңда қандай да бір шектеу қою туралы жазылмаған.

Заңда шектеу болмағандықтан перинаталды орталық қызметкерлерінде халықтан өтініп сұраудан басқа амалы жоқ.

Күн сайын мұнда отызға жуық сәби дүние есігін ашады. Ал сәбилі болған отбасылар қуанышын атап өтуді орталық алдында бастап, тойдағыдай у-шу, би, шоу бағдарламалар, түрлі аниматорларлық кейіпкерлермен келіп қымбат көліктер легімен зорға дегенде аттанатын сәті күн сайын болатын қалыпты құбылысқа айналғалы қашан.

Әрі еріп келген ағайын-туыс, дос-жарандар санында есеп жоқ болса керек.  

«Әр нәрсенің шегі болуы керек.​ ​Перзентхананың​ алдында той-думан ұйымдастырмай, үйге шығаруға 2-3 жақын адам ғана келіп, жылдың төрт мезгілінде болатын​ ыстық​ пен суықтың,​ желдің ​ жайсыз ​ әсерінен ана мен баланы сақтап, ​ аман-есен мекеніне жеткізіп, қуанышты өз шаңырағыңызда​ тойласаңыз біз үшін сол пайдалы болары еді» - дейді орталық қызметкерлері.

Байланысты жаналықтар

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

29.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

Ауыр қылмыс: дәрігер 15 адамды өлтірді деп айыпталды

17.04.2025

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025
MalimBlocks
Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Ауыр қылмыс: дәрігер 15 адамды өлтірді деп айыпталды

Германияда ауыр қылмыс тергеліп жатыр

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған