Президент «BIKEN» І театр фестивалі қатысушыларын құттықтады

Президент лебізін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев оқыды.  

Malim Админ

  • 29.09.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына арналған «BIKEN» І халықаралық театр фестивалінің қатысушыларына құттықтау хат жолдады. Президент лебізін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев оқыды.  


«Сіздерді Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына арналған «BIKEN» I халықаралық театр фестивалінің ашылуымен құттықтаймын! Бикен Римова – төл мәдениетімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Ол театр және кино саласында аяулы жардың, асыл ананың, ардақты әженің бейнесін шебер сомдап, ұзақ жыл бойы көрерменнің көзайымы болды. Сахна саңлақтарының ғибратты ғұмыры туралы естелік кітаптар жазды. Өмірде де, өнерде де өзгелерге үлгі бола білді», - делінген құттықтау хатта. 


Cондай-ақ «Халқымыздың парасатты перзентінің еңбегін ұмытпай, жан-жақты насихаттау – ортақ парыз. Осы орайда тағылымдық әрі танымдық мәні бар халықаралық фестиваль өткізудің маңызы  зор. Бүгінгі іс-шараға қатысып отырған Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан мемлекеттерінің өнерпаздарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Осындай жобалар бауырлас елдердің мәдени-рухани байланысын нығайта түсері сөзсіз. Төл өнерімізді дамытуға арналған игі шаралар болашақта да жалғаса береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», - делінген құтықтау хатта. 


Сондай-ақ Жетісу облысына сапары аясында фестивальге арнайы қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларды құттықтай отырып, бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті.


«Фестивальді Бикен Римова есімімен байланыстыру оның талантына тағзым ету ғана емес, сонымен қатар, театр өнерінің дамуына үлес қосқан барлық ұлы адамдардың шығармашылығын насихаттау деп білемін. Аңызға айналған актрисаны ұлықтау үшін басқа елдерден келген достарымызға да алғыс айтамын.


Әрине, бүгінгі фестиваль әр театр труппасының әлеуетін көруге, жаңа тұлғаларды тануға, әртүрлі елдердің шығармашылық ұжымдары арасындағы қарапайым адами қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға тамаша мүмкіндік береді»,- деді министр.


Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына арналған «BIKEN» І халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара аясында еліміздің және шетелдердің театр ұжымдары қойылымдар қойып, республикалық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік