«Қай еңбегі үшін берді». Мәдениет саласының үздігі атанған Бүркіттің әйелі сынға ұшырады

Көпшілік әншінің мұндай төсбелгі алғанына қарсылық білдірді.

Сабина Асқарқызы

  • 23.05.2024

Бүркіт лақап атымен танымал болған әнші Айбек Жансейітовтің жұбайы Аиша Мәдениет саласының үздігі атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жаңалықты әнші Бүркіт әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сүйінші!!!! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” (төс белгі) марапатына ие болды! Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңіз үшін үлкен рахмет! Менің қуанышымда шек жоқ, - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Дегенмен, Аишаның төсбелгі алғанына қарсылық танытқандар көбейді. Аталмыш жаңалық желі қолданушыларының наразылығын тудырған. Олар "мұндай дәрежедегі төс белгіні сахнада тер төгіп, еңбек еткен өнер иелері алуы тиіс" деген тұрғыда пікір жазып жатыр.

«Айбек, ренжіме бірақ тек қасыңда жүріп билеп әнге қосылғаны болмаса, әнші де, биші де емес қой, жалпы. Одан да, Қаракесекке беру керек еді», «Сахнада шынайы еңбек етіп, тер төгіп жүрген әртістердің ала алмайтыны өкінішті», «Мәдениет саласына қандай үздік нәрсе жасапты? Сенің қасыңда өлең айтқаны үшін бе, қызық екен», «Қандай еңбегі үшін берген? Атақта да қадір қалмады ғой…»,  деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, елімізде мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі бұған дейін де дау тудырған еді. Былтыр әнші Әли Оқаповтың «Құрмет» орденімен марапатталғаны әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Кейбірі Оқаповты «бұған лайық емес» және «ел үшін ештеңе істемеді» деп айыптаса, енді бірі әншінің жағында болды. Сыни пікірлерден кейін Әли Оқапов барлық марапаттарынан, онымен қоса, «Құрмет» орденінен бас тартатыны туралы  бейнежазба түсірген еді.

Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады