«Қазақ киносының анасы». Бүгін Әмина Өмірзақованың туған күні

Сабина Асқарқызы

  • 08.03.2025

Бүгін – театр әртісі, қазақ киносының анасы Әмина Өмірзақованың туған күні, деп хабарлайды Malim.kz.

Дарынды актрисаның туған күні 8 наурыз дәл Халықаралық әйелдер күнімен тұспа-тұс болуы да ерекше белгі іспеттес. Әмина Ерғожақызының театр сахнасы мен кино әлеміндегі рөлдері халық жадында жатталып қалды. 70 жылға жуық өмірін өнерге арнаған әзиз ананы аналар мерекесінде бір еске алсақ.

«Мені халыққа танытқан кино» деп өмірін өнерге арнап, бар қиындықты табандылығымен жеңе білген Әмина Өмірзақованың сахнада сомдаған рөлдері бір төбе, ал кино әлеміндегі образдары өз алдына бөлек әңгіме десе де болады.

Қазақ халқының сүйікті актрисасы Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Семей облысының Абай ауданы, Шыңғыстау бөктеріндегі Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып, Қаптығай есімді ағасының қолында өседі. Кейін осы ағасының отбасы 1932 жылы Алматы қаласына қоныс аударады. Осылайша Әмина Өмірзақова оңтүстік астанада білім алып жүріп Борис Ерзакович жүргізетін хор үйірмесіне қатысады. Халық ақшадан қысылған қиын заманда радиода ән айтып, үйіне ақша жіберіп көмектеседі.

Алғашқы түскен фильмдері «Комсомольск», «Амангелді», «Алыптың әні», «Ақ раушан». Десе де оны танымал еткен алғашқы үлкен рөл - 1945 жылғы "Абай өлеңдері" фильміндегі Ажардың рөлі. 1964 жылы Анатолий Карповтың "Ана туралы жыр" фильмі экран бетіне шықты. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды, ал Әмина Өмірзақова 1964 жылғы Жалпыкеңестік кинофестивальде "ең жақсы әйел рөлі" сыйлығын, К. Байсейітова атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды.

1968 жылы Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» комедиялық фильмі жарық көрді. Картина бүкіл Кеңес Одағындағы кинотеатрларында көрсетілді. Соның арқасында оны бүкіл ел таныды. «Тақиялы періштеден» соң оншақты фильмдерде түсті. Соның ішіндегі ең ерекшесі – «Мама Роза» картинасы. Ойнаған рөлі үшін «Шоқжұлдыз» кинофестивальінің лауреаты атанды. 1996 жылы ұлының бастама фильмі «Әминада» өз-өзін сомдады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

19.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025
MalimBlocks
Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

Бірінші кредиттік бюро 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокатынан еліміздегі кинотеатрлар қанша табыс тапқанын жариялады

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.