Сац атындағы театр Оқушылар сарайында спектакль қойды

Malim Админ

  • 20.05.2025

Алматыда Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Күрделі жөндеу кезінде театрдың атақты ұжымы қойылымдарын қалалық Оқушылар сарайының жаңартылған Үлкен концерт залында қояды.


Бұл кеңістік толықтай жаңартылып, ерекше акустика сақталып қалды: дыбыс шағылыстырушы төбе жүйесі қайта орнатылып, заманауи айналмалы сахна механизмдері, жаңа кулисалар, шымылдық, жарық және дыбыс құрылғылары, сондай-ақ, электрмен қамту жүйесі жаңартылды.

Жаңа сахнада алғаш қойылған спектакль – «Күлшеқыз» ертегісі болды. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

«Театр ұжымы, біздің труппа және көрермендеріміз Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа театр өнеріне деген құрметі мен елдегі басты балалар театрына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдіреді. Әкімдіктің қолдауы арқасында театрға 44 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды», – деді Қазақстанның халық артисі, театр актрисасы Ольга Коржева.

Оқушылар сарайындағы қойылымдармен қатар театрдың тарихи сахнасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр: тірек құрылымдар күшейтіліп, шатыр мен қасбеті жаңартылуда, сахна, жарық және дыбыс жүйелері толықтай жаңғыртылуда. Ғимараттың тарихи келбетін сақтау ерекше назарда: мәрмәр едендер, витраждар, мозаикалар мен басқа да сәулеттік элементтер қалпына келтірілуде. Сондай-ақ, ғимарат мүмкіндігі шектеулі көрермендер үшін бейімделіп жатыр.

Театрдың негізгі ғимаратының жанынан Камералық сахна орналасатын бөлек ғимарат салынып жатыр. Онда SATS COMMUNITY театр студиясының сыныптары, шеберханалар және грим бөлмелері болады. Екі корпусты біріктіретін галерея салынады.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған. Содан кейін театр жаңа бейнесінде — САЦ — Заманауи өнер орталығы ретінде көрерменге жол тартады.

Ал әзірге сүйікті спектакльдерді жаңартылған Оқушылар сарайынан көруге болады. Келесі қойылым — «Бремен музыканттары» 22 мамырда өтеді. Қойылым кестесін театрдың ресми ресурстарынан көруге болады.

Н. Сац атындағы театр жаңа және тұрақты көрермендерін асыға күтеді. Киелі сахнада өнер мәңгі жасай бермек.  

Фото: Алматы қалалық әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

«Алтайдан ауған ел»: Қасірет пен ерлік шежіресі

11.07.2024

Наурыз мейрамы Астанада қалай тойланады?

14.03.2024

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

19.09.2023
MalimBlocks
«Алтайдан ауған ел»: Қасірет пен ерлік шежіресі

Бұл қойылым халықтың ауыр тағдырын, тарихи қасіретін суреттей отырып, көрерменге әсер етеді

Наурыз мейрамы Астанада қалай тойланады?

Әкімдік Наурыз мейрамына арналған шаралар бағдарламасын жариялады.

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

Алғаш рет елімізде  драма мен опера сынды екі үлкен жанрды үндестіретін қойылым жұртшылыққа жол тартады